Конгрестің баяндама жасау тілдері: түрік, қазақ, қырғыз, әзербайжан, албан, ағылшын және орыс тілдері.
Қатысушылар өз жұмыстарының тезисін немесе толық мәтінін электрондық түрде https://turk-cose.ohu.edu.tr/ мекенжайы арқылы жіберуі қажет.
Қабылданған, тіркеуден өткен және конгресте ұсынылған баяндамалар Конгресс жинағында жарияланады.
Сонымен қатар, TURK-COSE 2026 Ұйымдастыру комитеті іріктеген ағылшын тіліндегі баяндамалардың кеңейтілген және өңделген нұсқалары рецензиялау үдерісінен өткеннен кейін төмендегі ғылыми журналдарда жариялауға ұсынылады:
- Mathematical Modelling and Numerical Simulation with Applications (SCOPUS Q1 және TR Dizin дерекқорларында индекстеледі);
- Bulletin of Biomathematics (TR Dizin дерекқорында индекстеледі);
- MANAS Journal of Engineering (TR Dizin дерекқорында индекстеледі);
- Manas Journal of Agriculture, Veterinary and Life Sciences (TR Dizin дерекқорында индекстеледі);
- Eurasian Journal of Science, Engineering, and Technology (Crossref дерекқорында индекстеледі).
- «Yassawi Journal of Health Sciences» (indexed by Crossref).
- «International Journal of Energy and Applied Sciences» (indexed by Crossref).
- «Yassawi Journal of Engineering Sciencе» (indexed by Crossref).
Қабылданған баяндама тезисі немесе баяндаманың толық мәтіні Конгресс жинағына енгізілуі үшін төмендегі талаптардың барлығы орындалуы қажет:
- Жариялауға жарамды материалдар, яғни тезистің немесе баяндаманың соңғы нұсқасы жіберілуі тиіс.
- Баяндама конгресте ұсынылуы тиіс.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ: Конгреске қатысу жарнасы – офлайн қатысу үшін 20 АҚШ доллары, онлайн қатысу үшін 10 АҚШ доллары.
Баяндама тезисін рәсімдеу үлгісін жүктеу үшін мына сілтемені басыңыз. (Ең үлкен көлемі – 2 МБ.)
Баяндаманың толық мәтінін рәсімдеу үлгісін жүктеу үшін мына сілтемені басыңыз. (Ең үлкен көлемі – 2 МБ.)
БАЯНДАМАНЫ ЖІБЕРУ КЕЗЕҢДЕРІ
1-КЕЗЕҢ. Баяндаманы жіберу (Make Submission)
Жүйеге жүктелетін баяндама туралы жалпы мәліметтерді енгізу үшін (баяндама файлын қоспағанда) төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
- «Баяндаманы жіберу» (Make Submission) батырмасын басыңыз.
- «Келісім» (Consent) мәтінінің жанындағы құсбелгіні қойыңыз.
- Төмендегі жолдарды толтырыңыз:
- Жалпы ақпарат/Баяндаманың атауы (General Information/Submission Title);
- Автор(лар) (Author(s));
- Байланыс жасалатын автор (Contact Author);
- Тақырыптық бағыттар (Topic Areas);
- Мазмұны/Түйінді сөздер (Content/Keywords);
- Мазмұны/Аңдатпа (Content/Abstract).
«Баяндаманы жіберу» (Make Submission), «Баяндаманы өңдеу» (Edit Submission), «Файлды жүктеу» (Upload File), «Файлдарды қарау» (View File), «Баяндаманы кері қайтарып алу» (Withdraw Submission) және
«Мәртебесін тексеру» (Check Status) әрекеттерін орындау үшін
«Құпиясөз» (Password) жолағына есте сақтай алатын құпиясөзді енгізіңіз. Жіберген баяндамаңызға қатысты өзгерістерді осы құпиясөз және электрондық поштаңызға жіберілетін
Баяндама нөмірі арқылы енгізе аласыз. Қалауыңыз бойынша
«Пікірлер/Түсініктемелер» (Optional Comments) жолағына қосымша түсініктеме енгізуге болады.
«Баяндаманы жіберу» (Make Submission) батырмасын басыңыз.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ: «Баяндаманы жіберу» батырмасын басқаннан кейін экранда көрсетілетін баяндама нөмірін сақтап, ұмытпаңыз. Бұл нөмір келесі кезеңдерді орындау үшін қажет болады.
2-КЕЗЕҢ. Баяндаманы өңдеу (Edit Submission)
1-кезеңде енгізілген ақпаратты түзету немесе өзгерту үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
- «Баяндаманы өңдеу» (Edit Submission) батырмасын басыңыз. Ашылған терезеге «Баяндама нөмірі» (Submission ID) және «Құпиясөз» (Password) мәліметтерін енгізіп, жүйеге кіріңіз.
- Баяндамаңызға қажетті өзгерістерді енгізіңіз.
- «Өзгерістерді жіберу» (Submit Changes) батырмасын басыңыз.
3-КЕЗЕҢ. Баяндама файлын жүктеу (Upload File)
Баяндама файлын жүйеге жүктеу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
- «Файлды жүктеу» (Upload File) батырмасын басыңыз.
- «Баяндама нөмірі» (Submission ID) мен 1-кезеңде өзіңіз белгілеген «Құпиясөзді» (Password) енгізіңіз.
- «Файлды таңдау» (File) батырмасын басып, компьютеріңізден жүктегіңіз келетін баяндама файлын таңдаңыз.
- «Формат» (Format) бөлімінен баяндама файлының Microsoft Word форматтарының бірін таңдаңыз: .doc немесе .docx.
- «Файлды жүктеу» (Upload File) батырмасын басыңыз.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ: «Файлды жүктеу» (Upload File) батырмасы рецензенттердің бағалауынан кейін баяндамаңыздың жаңартылған нұсқасын жүктеу үшін де қолданылады. Рецензенттер ұсынған түзетулер енгізілгеннен кейін баяндама файлының жаңа нұсқасын осы бөлім арқылы қайта жүктеу қажет.
4-КЕЗЕҢ. Файлдарды қарау (View File)
Жүктелген баяндама файлының соңғы нұсқасының дұрыстығын тексеру үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
- «Баяндама нөмірі» (Submission ID) мен 1-кезеңде белгілеген «Құпиясөзді» (Password) енгізіңіз.
- «Файлдарды қарау» (View File) батырмасын басыңыз.
5-КЕЗЕҢ. Баяндаманы кері қайтарып алу (Withdraw Submission)
Баяндаманы кері қайтарып алу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
- «Баяндама нөмірі» (Submission ID) мен 1-кезеңде белгілеген «Құпиясөзді» (Password) енгізіңіз.
- «Баяндаманы кері қайтарып алу» (Withdraw Submission) батырмасын басып, ашылған терезеден тиісті нұсқаны таңдаңыз.
6-КЕЗЕҢ. Мәртебесін тексеру (Check Status)
Жүйеге жүктелген баяндаманың қай кезеңде тұрғанын тексеру үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
- «Баяндама нөмірі» (Submission ID) мен 1-кезеңде белгілеген «Құпиясөзді» (Password) енгізіңіз.
- «Мәртебесін тексеру» (Check Status) батырмасын басыңыз.